Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің «құрметті төрағасы» болды
29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің «Құрметті төрағасы» атағы берілді. Назарбаевқа мұндай атақ беруді Ресей президенті Владимир Путин ұсынған.
Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жиын басында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ескеріп, Ресей президенті Владимир Путин Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің «құрметті төрағасы» атағын беруді ұсынды» деді.
Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында «шағын құрам жиыны кезінде Назарбаевқа «құрметті төраға» атағын беру туралы шешім қабылданғанын» жазды.
Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып отыр.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтанға одақты бақылаушы мемлекет ретінде Молдова президенті Игорь Додон мен құрметті қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмона келді.