Назарбаев жастарға үлгі болатын батырлардың есімін атады — новости Казахстана
Нұрсұлтан Назарбаев «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездесіп, жастарға үлгі болатын батырларды атады деп жазады Қазинформ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында президент қазақтардың қай кезден бастап келе жатқанын айтып өткен. Жастардың шетелге барғанда кім екендерін, қайдан шыққандарын айта алмайтынын сынаған президент, қазақтардың түп-тамыры үш-бес мың жыл арыда екенін мұражайдағы жәдігерлер арқылы көз жеткізуге болатынын мәлімдеді.
« Елімізде табылған жәдігерлер осыдан бес-алты мың жыл бұрын Мысырдағы пирамидалардан да бұрын жасалғаны көрініп тұр», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының айтуынша, қазақ жерін мекендеген халықтар ежелден металл игеріп, оны жоғары деңгейге көтере білген. Атты қолға үйретіп, мінуді үйренуін қазіргі зымыранды игерумен теңеуге болатынын айта кетті.
Сонымен қатар президент бүгінгі таңда жастарға үлгі болатын батырлардың көп екенін алға тартты.
«Сендерге үлгі болатын ағаларың көп. Кешегі екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы бар. Арыға бармай-ақ қояйық, араларыңызда әскер генералы Алтынбаев, Ауған соғысына қатыстан генерал Ертаев, Ауғанстандағы қан майданнан шыққан Бақытбек Смағұлов отыр», — деді мемлекет басшысы.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар