Назарбаев: Жастар еңбекке дайын болуы тиіс

0
28 Қараша 2018, 14:43 309 0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумы аясында өткен пленарлық отырыста жастарға арналған тегін кәсіби білім берудің қажеттілігі туралы айтты.

Президент елдегі білімі жоқ жастар мәселесін көтерді.

«Барлық жерде бос жұмыс орындары бар, бірақ білімнің жоқтығы мәселе болып отыр. Астанада тас қалаушы, электрші мамандар тапшы. Сол себепті мен Үкімет жастарға алғашқы кәсіби білімді тегін беруі тиіс деген идеяны ұсындым. Адамдардың бір бөлігі университетке оқуға түседі, бір бөлігі әскерге кетеді, бірақ ешқайда бармайтындар да бар. Осындай жастарға біз кәсіби оқу орындарында тегін білім алуды ұсынамыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жастарға өз тәжірибесінен үлгі айтты.

«Мен солай жұмысымды бастадым. Кәсіби техникалық мектеп маған болат қорытушы білімін берді, мені алып шықты. Мен соғыстан кейін жоқшылықта өмір сүрген ауыл баласымын. Содан кейін қиын жұмыс жағдайына тап болдым. Жастар еңбекке дайындалуы тиіс. Әлем әділетсіздікке толы дегенге сенбеу керек, барлығын жеңу керек. Сол үшін үкіметтік емес сектор тұтынушылықты емес, отансүйгіштікті «жұқтыруы» тиіс. Мен осында сөз сөйлегендерге тәнті болып отырмын. Министрлік осының бәрін жинап, Үкімет оны қарауы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ