Home Жаңалықтар Назарбаев: Жақын көршілермен қарым-қатынас сенімді болып қала беруі керек – Қазақстан жаңалықтары

Назарбаев: Жақын көршілермен қарым-қатынас сенімді болып қала беруі керек – Қазақстан жаңалықтары

0
118

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесу өткізіп, еліміздің сыртқы саясатының үздіксіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін мәлімеді, деп жазады Stan.kz ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Назарбаев: Жақын көршілермен қарым-қатынас сенімді болып қала беруі керек

«Қазақстанда елеулі саяси өзгерістер болды. Біз бүкіл әлемге Конституция аясында әрекет ете отырып, билікті тыныш және бейбіт транзитпен қамтамасыз ететінімізді көрсеттік. Бұл оқиға барлық адамдар үшін маңызды болды. Қазір бастысы – бұрын қалыптасқан сыртқы саясаттың тұрақтылығын сақтау болмақ», – деді Назарбаев кездесу барысында.

Ол, ең алдымен жақын көршілермен қарым-қатынастарға назар аудару қажет екенін атап өтіп, олар сенімді болып қала беруі керек деді.

Сондай-ақ, шетелге жоспарланған сапарларға және халықаралық іс-шараларға да дайындық қажет екенін атап өтті.

«Біріншіден, Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапарына, екіншіден, «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысу үшін Қытай еліне баратын сапарға назар аудару қажет. Сондай-ақ, біздің елордада атап өтілетін  Еуразиялық экономикалық одақтың 5 жылдық мерейтойлық саммитіне жақсылап дайындалу керек», – деді Назарбаев.

stan.kz