Назарбаев Университетіне бөлінетін қаржы қысқартылмақ

0

Биылдан бастап Назарбаев Университетіне бюджеттен бөлінетін қаржы қысқартылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім минстрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Назарбаев Университетінің жеке эндаумент қорлары бар. Біз өзін-өзі қаржыландыру қағидаттарына біртіндеп көшуіміз керек. Өңірлердегі жоғары оқу орындарына көңіл бөлу керек. Мысалы, Қостанай мен Қарағандыда мықты университеттер бар, бірақ оларға қаржы жетіспейді», – деді ведомство басшысы.