Назарбаев ұлтараздық кезінде үнсіз қалған ұйымның жиналысына қатысады

0
225

Айдос Үкібай Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысатыны жайлы айтты.

Ассамблея кеңесінің отырысын өтетінін Елбасының баспасөз хатшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін бейнебайланыс форматында Қазақстанның тұңғыш президенті төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.

Ассамблея 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен құрылған, ол мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.

Қордайдағы және өзге де ұлтараздық қақтығыстар болған кезде этностардың бірлігі үшін жұмыс жасауы тиіс орган үнсіз қалып, қоғамның өткір сынына ұшыраған болатын.