Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті

0
158

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің 25 ақпанда шығарған жарлығымен Әлихан Смайлов премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

Гүлшара Әбдіхалықова мен Жеңіс Қасымбек премьер-министрдің орынбасарлары болып тағайындалды.

Бейбіт Атамқұлов – сыртқы істер министрі, Нұрлан Ермекбаев – қорғаныс министрі, Ерлан Тұрғымбаев – ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.

Бердібек Сапарбаев – еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Руслан Дәленов – ұлттық экономика министрі, Күләш Шәмшидинова – білім және ғылым министрі, Сапархан Омаров – ауыл шаруашылығы министрі, Роман Скляр – индустрия және инфраструктуралық даму министрі, Дәурен Абаев – ақпарат және қоғамдық даму министрі, Марат Бекетаев – әділет министрі, Елжан Біртанов – денсаулық сақтау министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы – мәдениет және спорт министрі, Асқар Жұмағалиев – цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Қанат Бозымбаев – энергетика министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Назарбаев Асқар Маминді елдің премьер-министрі етіп тағайындаған. Өткен аптада Назарбаев «экономиканың сапалы өсіміне қажетті ынталандыру жасамады және халықпен жұмыс істей алмады» деп үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған болатын.

Азаттық