Назарбаев ұйымға пайдасын тигізетінін айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын алды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге ЖЕЭК-тің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы идеясы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Маған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын беру туралы бастама үшін ерекше алғысымды айтамын. Осы идеяны ұсынған Владимир Путинге және отырысқа жиналғандарға осы бастаманы қолдағаны үшін ризашылығымды білдіремін. ТМД мен Еуразиялық одақта жинаған тәжірибемді ескере отырып, күш-қуатым мен мүмкіндігіме қарай сіздерге, әсіресе біздің Еуразиялық экономикалық одаққа пайдамды тигізуге тырысамын», — деді Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің меретойлық саммитінде.

Тағы оқыңыз: Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Елбасы 2014 жылы 29 мамырда ел астанасында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойғанын еске салды.

«Бүгін міне бес жыл толып отыр. Мен сіздерді біздің алғашқы кішігірім мерейтойымызбен құттықтаймын», — деді Назарбаев.

Ол ЕАЭО Еуропаны да, Азияны да байланыстыратын үлкен аумақ екенін атап өтті.

«Күнделікті қиындықтарды бір шетке ысырып қойып, сізбен бірге біздің аумақта бұрын-соңды болмаған бірегей одақ құрғанымызды ұғынуымыз керек. Бүгінде одақ әлемдік құрлықтың 14 процентін, 20 миллион шаршы шақырымды алып жатыр», — деді Назарбаев.

Елбасы одақ бес елдің мүмкіндіктерін біріктіріп, әлемде мұнай өндіру бойынша бірінші орынға шыққанын, газ, уран, көмір бойынша жетекші орын алатынын айтты.

«Осы көрсеткіштермен мақтануға болады», — деді ол.

Нұр-Сұлтандағы мерейтойлық саммит

Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті басталды. ЖЕЭК отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің бірлескен мәлімдемесі мерейтойлы саммитте қабылданатын басты құжат болмақ.

Алқалы жиынға Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.



sputniknews.kz