Назарбаев тұрғын үйдегі трагедияға байланысты Путинге көңіл айтты

0
Саясат

Қысқа сілтеме алу

46 0 0

Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан 21 адам көз жұмды

АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорск қаласында он қабатты үйде газ жарылды. Салдарынан үйдің кіреберісінің бірі қирады. Соңғы мәлімет бойынша, 21 адам қаза тапты, алты адам тірі табылды, оның ішінде бір тәуліктен астам үйінді астында жатқан 11 айлық бала бар.

Сондай-ақ, құтқарушылар екі күн өткеннен кейін мысық пен бұйра тотықұсты шығарып алды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/