Назарбаев Трамп жайлы: Әрекеттері тіпті АҚШ тұрғындарының канонын бұзды — Ел жаңалықтары

0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекеті АҚШ тұрғындарының үйреншікті қағидаларына келмейді деп санайды. Бұл туралы Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаев осы ретте Трамппен АҚШ-та 2018 жылдың қаңтарында өткен кездесуге қатысты пікір білдірді.

«Жеке сөйлестік». Назарбаев Трамптың қалай қарсы алғанын айтып берді

«Бұл кездесудің историзмі біздің АҚШ-тың жаңа әрі ерекше президентімен кездесуімізде болды. Трамптың әрекеттері штат тұрғындарының үйреншікті қағидаларына келмейді. Оның БАҚ-қа деген қарым-қатынасы ерекше. Президенттер бұлай істемейтін», — деді Қазақстан Президенті.

АҚШ президентінің БАҚ-тармен қарым-қатынасы эмоционалды екені белгілі. Трамп Twitter желісіндегі парақшасында басылымдарды сынға алып, оларды «жалған БАҚ-тар» деп жиі жазып тұрады.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен 16 қаңтарда барған болатын.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz