Назарбаев төраға болған «Самұрық-Қазынаны» басқару кеңесін тарату туралы заң қабылданды
Мәжіліс депутаттары Сенаттың «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңесті таратуды көздейтін заң түзетулерін қабылдады, деп жазады «Адырна» порталы.
Бұл кеңесті Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.
Кеңес қордың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеген консультативтік-кеңесші орган болды.
Заң жобасы президентке қол қоюға жіберілді.
фото: ғаламтордан