Назарбаев: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындалу қажет — новости Казахстана

0

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына дайындықты бастау қажеттігін айтты. Сол уақытқа дейін Елбасы өңірлердің жағдайын жақсартып, оларды барынша дамыту қажеттігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: news-russia.info

Фото: news-russia.info

«Біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындалуымыз қажет. Мен Үкімет пен президент аппаратына қажетті тапсырамалар беремін. Біз 30 жылдыққа өңірлерді дамыту шарты бойынша жақындауымыз керек.

Біз қазір арнайы бағдарлама қарастырамыз. Соның нәтижесінде, әр өңірге, әр облысқа не жетпейтінін анықтаймыз. Бір өңірде ауыз су жоқ. Бір жақта коммуналдық шаруашылық ескірген. Ал үшінші өңірде қонақ үйлер мен жатақханалар жоқ. Сондай-ақ, кей өңірлерде жол ескірген».

Жол картасы бойынша әр облысты алып, қаржы бөлу қажет. 30 жылдыққа біз әдемі қалалармен, адамдар тұратын әсем орталықтармен баруымыз керек. Мен бұл бағдарламаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын»,- деді президент.

Айта кетейік, бүгінгі сұхбатында мемлекет басшысы елді толғандырған бірнеше сұраққа жауап берді.

Сондай-ақ ол жақында болған тағайындаулар мен алдағы уақыттағы президенттік сайлау туралы, қазақстандық банктардың хал-ахуалы туралы сөз етті.

Одан бөлек, Елбасы Денис Тенге қатысты қайғылы оқиға үшін сотқа да, полицияға да назы бар екенін айтты.