Назарбаев Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді айтып берді – новости Казахстана

0

«Qazaqstan» телеарнасының дайындаған арнайы жобасы «Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмінде Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді баяндаған барлық мұрағат материалдар мен құжаттар жинақталған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

ktk.kz

Фото:ktk.kz

Еліміз тәуелсіздік алғанына 30 жыл болып қалды. Қазір Қазақстан тиімді институттары мен дамыған экономикасы бар ел. Халықаралық саясаттың беделді мүшесі. Бүкіл әлем тәуелсіздігін мойындаған мемлекет. Осының бәріне өз күшімізбен қол жеткіздік.

«Кеңес одағының ыдырайтыны бәріне түсінікті болды. Экономика бақылаудан шықты, барлық нәрсе тапшы болды. Ол кезде экономика орталықтан басқарылып, барлық нәрсені орталық таратып отыратын. Алайда, тарататын ештеңе қалмады. Горбачек отырып алып әр мемлекеттен несие сұрады. Біреулер берсе, енді біреулері бермеді».

«Барлық одақтас мемлекеттер өздерін құтқара бастады. Орталыққа салық жөнелтуді тоқтатып, жалақыны өздері белгіледі. Жалпы айтқанда нағыз былық басталды», – деп Елбасы сол күндерді есіне алды.

Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды саралап, бұрын құдіретті одақтың тарауының салдарын бәсеңдетуге тырысты. Сол кезде Тәуелсіздікке қол жеткізуге сәл-ақ қалған.

«91-ші жыл бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы барлық ел үшін қиын жыл болды. Орталықта үкімет болмады. Кеңес Одағы дұрыс құрылмаған тиімсіз экономикалық қателердің ауыртпалығын көтере алмай құлады. Бұл бұлтартпайтын жайт еді», – деді президент деректі фильмде.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің іргетасын әлдеқашан дайындап қойған.

«Мен бұл салада шыныққан тұлға едім. Экономиканы беске білдім. Не болып жатқанын, қайда құлдырап бара жатқанымызды, бәрі бақылаудан шыққанын түсіндім», – деді президент.

Елбасы жағдайдың өзі үшін де қаншалықты қиын болғанын есіне алды.

«Жағдай өте күрделі еді. Еліміздің барлық облыстарын, аудандарын, ірі қалаларын аралап шықтым. Кәсіпорындарға бардым. Мыңдаған кездесу, митинг және тағы басқа шаралар өткіздік. Кейде тіпті осының бәрін қалай еңсергенмін деп ойлаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз