Назарбаев Санкт-Петербургте Путинмен бірге балет тамашалады — новости Казахстана

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен және ТМД елдерінің басшыларымен бірге «Щелкунчик» қойылымын тамашалады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев, Путин. Фото: Ақорда
Қойылым «Мариинский» театрында болған.
Аталмыш қойылымның композиторы Петр Чайковский болса, қойылым авторы мен киім және сахна дизайны Махаил Шемякинге тиесілі.

Фото: Ақорда
Айта кетейік, күні кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысқан болатын.