Назарбаев саяси кеңес бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің Бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Бауыржан Байбек өзінің туиттер парақшасында жазды.
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің Бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы Қаулыға қол қойды.
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) November 2, 2020
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Нұр Отанның» Назарбаевпен кездесуі коронавирусқа байланысты тоқтатылған болатын .