Назарбаев Ресей мемлекеттік думасының делегациясын қабылдады

0
25

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Вячеслав Володин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Путиннің сәлемі мен жылы лебізін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті.

Мемлекеттік дума делегациясы Қазақстанға елордада өтетін Еуразия парламенттері спикерлерінің отырысына қатысуға келді.

«Сіз екі елдің арасындағы қарым-қатынас бүгінгідей жоғары деңгейде болуы үшін көп еңбек еттіңіз», – деді Вячеслав Володин Нұрсұлтан Назарбаевқа.

Володин биылғы отырысқа былтырғыға қарағанда көбірек ел көңіл бөлгенін айтты.

Өз кезегінде Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас барлық мемлекетке үлгі екенін атап өтті.

«Саясат, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан көршілер арасында осындай қатынас болуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуразия парламенттері спикерлерінің төртінші отырысы 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтеді.

Парламенттік диалогтың бұндай форматының бастамашылары – Ресей және Корея парламентінің спикерлері.

Шараға 60 елдің парламентінің басшылары қатысады. Олардың қатарында 38 елден 39 спикер, 12 вице-спикер мен 13 халықаралық парламенттік ұйымның өкілдері бар. Отырыс тақырыбы – «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік».



sputniknews.kz