Назарбаев Ресей мемлекеттік думасының делегациясын қабылдады
Қысқа сілтеме алу
Вячеслав Володин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Путиннің сәлемі мен жылы лебізін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті.
Мемлекеттік дума делегациясы Қазақстанға елордада өтетін Еуразия парламенттері спикерлерінің отырысына қатысуға келді.
«Сіз екі елдің арасындағы қарым-қатынас бүгінгідей жоғары деңгейде болуы үшін көп еңбек еттіңіз», — деді Вячеслав Володин Нұрсұлтан Назарбаевқа.
Володин биылғы отырысқа былтырғыға қарағанда көбірек ел көңіл бөлгенін айтты.
Өз кезегінде Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас барлық мемлекетке үлгі екенін атап өтті.
«Саясат, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан көршілер арасында осындай қатынас болуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еуразия парламенттері спикерлерінің төртінші отырысы 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтеді.
Парламенттік диалогтың бұндай форматының бастамашылары – Ресей және Корея парламентінің спикерлері.
Шараға 60 елдің парламентінің басшылары қатысады. Олардың қатарында 38 елден 39 спикер, 12 вице-спикер мен 13 халықаралық парламенттік ұйымның өкілдері бар. Отырыс тақырыбы – «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік».
sputniknews.kz