Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Саясат
Қысқа сілтеме алу
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаевты Бейжіңдегі халықаралық форумға шақырды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ҚХР арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қытай дипломаты Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Бейжіңде сәуірде өтетін «Бір белдеу, бір жол» 2-ші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысуға шақыру хатын тапсырды.
sputniknews.kz