Назарбаев Қырғызстан және Тәжікстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті — Ел жаңалықтары
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін құттықтады.
Қырғызстан президентімен әңгімелесу кезінде көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен басымдықтарын, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Тәжікстан басшысымен сөйлесу кезінде көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңілдері толатынын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз және Тәжікстан жағы бастамашы болды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz