Назарбаев «Құрметті сенатор» атағынан айырылды

0

Назарбаев «Құрметті сенатор» атағынан айырылды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі. 

— «Құрметті сенатор» атағы бұған дейін бір-ақ адамға (ред. Назарбаевқа) ғана берілген. Енді Заңдарда «Құрметті сенатор» деген атақ жоқ. Бұл сенат регламентіне кезінде кіргізілген өзгеріс болатын. Біз оны регламенттен алып тастадық. Ары қарай ондай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені, бізде ондай құқықтық негіз жоқ, алып тастадық. Кезінде солай болған. Қазір ондай атақ жоқ, болмайды», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.