Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді. Бұл туралы orda_kz телеграм-арнасы жазады.
«Еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша, Костенко шахтасында болған трагедияға алаңдай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге көлемінде тікелей қаржылық көмек бөлді», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері желіде шахтадағы жарылыс пен адам өлімінен кейін саясаткерлер үшін дәстүрлі көңіл айтпаған Тұңғыш Президенттің үнсіздігі талқыланды.
фото: Getty Omages