Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ұйымын қайта құруды тапсырды – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» компаниясын қайта құруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев

Бұл туралы Елбасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында мәлім етті. 

«ҚазМұнайГаз» құрамындағы «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларын «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниялары ретінде бөлу жолымен қайта құру ұсынысын қолдаймын. Бұл «ҚазМұнайГаздың» басты жұмысына – мұнайды барлау, қазу және қайта өңдеуге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Ал көліктік компаниялар транспорттық маршрутты әртараптандыруға жағдай жасайды. Қордың басшылығына осы мәселені тез арада қарап, шешім қабылдауға тапсырма беремін», – деді Назарбаев

Бұған қоса ол «Самұрық-Қазына» ұйымдарын жекешелендіруге қатысты пікір білдірді. 

«Қазпошта» қызметінің ерекшелігіне байланысты компанияны стратегиялық инвесторға тікелей атаулы сатқан абзал. Мұны да үкіметпен бірге анықтап, бұл мәселеге байыппен қарау керек. «Самұрық-Энергоны» жекешелендіру мәселесін мемлекетке тиімді болатын жағдайда қарастыру керек. Және бұл анық әрі түсінікті болуы тиіс. Ал қалған компаниялар бойынша әлемдегі жағдайды ескеріп, оларды қайта қарап, жекешелендіру бойынша жоспарды, стратегиялық активтерді Қорға қолайлы кезеңге дейін кейінге қалдыру қажет. Осыған байланысты қорға үкіметпен бірлесіп, жекешелендірудің кешенді жоспарын, «Самұрық-Қазынаны» әртараптандыру бағдарламасын қайта қарауды тапсырамын», – деп қосты Назарбаев.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз