Назарбаев Қазақстаннан кетті: Әмірлікте «коронавирустан кейінгі терапиядан» өтіп жатыр

0

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігінде. Онда Елбасы өзінің жақын досы, Дубайдың әмірі және БАӘ премьер-министрі шейх Мұхаммедтің емханасында «коронавирустан кейінгі терапиядан» өтеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке жақын ортадағы дереккөзге сілтеме жасай отырып телеграм-арналары хабарлайды.

«Бұған дейін жазғанымыздай, Назарбаев жылына бір рет ресми сапармен БАӘ-ге барады, бұл Әмірлікке  бір жылда үш рет жасалатын бейресми сапараларын есепке алмағанда».

Емханадан бөлек Елбасына бір аралдан жеке резиденция беріледі-мыс, мұнда әйгілі жасанды аралдардың архипелагы «Пальма аралдары» я The World жасанды архипелагындағы D19 «Kazahstan» аралы,  сондай-ақ ұзындығы 110 метрді құрайтын яхта ма, қайсы туралы (шейх Мұхаммедтің ұзындығы 162 метрді құрайтын «Дубай» жеке яхтасымен шатастырмау керек) сөз қозғалып отырғаны белгісіз. БАӘ басқарушы шейхтері мұндай қонақжайлыққа жауап ретінде Қазақстанның оңтүстік аймағында сұңқар аулауға рұқсат алған дейді, аталған аймақта олар үшін 1 миллион гектарға дейін жер телімі бөлінген.

Дәл осы уақытта «Нұр-Сұлтанның құрметті азаматы» — ықпалды түрік кәсіпкерлерінің бірі әрі Елбасыға жақын жан Феттах Таминжи тұңғыш президенттің отбасымен демалатын аймақтары — Кемер мен Бодрумдағы демалыс орындарын дайындау үшін шұғыл түрде ұшып кеткен.

Осы мақсатта Таминжи Airbus A330-243 Prestige «№1 бортын» (борт нөмірі UP-A3001) қолданған, Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасындағылар мұны анықтауға мүмкіндік бермей жасырғаны туралы біз бұдан бұрын да жазғанбыз. Осыған қарамастан, 15 маусымда «№1 борт» Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшып шығып, Түркияның оңтүстік-батысындағы «Миляс-Бодрум» халықаралық әуежайына қонып, дәл сол күні Нұр-Сұлтанға кері ұшып кеткен.

БАӘ-де «коронавирустан кейінгі терапияны» өткергеннен кейін Назарбаев Түркияға демалуға жол тартуы әбден мүмкін, бұл демалысқа қыздары мен күйеубалалары, «әмияншы» Владимир Ким, ешқашан бизнесі болмаған миллиардер Болат Өтемұратов, Әділбек Жақсыбеков, Ахметжан Есімов, Нұртай Әбіқаев, Махамбет Досмұхаметов, Қанат Саудабаев, Өмірзақ Шүкеев, Айдын Рахымбаев сынды  өзінің айналасындағы жақындары қосылуы ықтимал», — деп хабарлайды телеграм-арна.

Дереккөз: knews.kg