Назарбаев Қасиетті Успен кафедралдық соборына барды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

Мемлекет басшысы барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қасиетті Успен кафедралдық соборына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

«Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессиялар мен этностардың өкілдері осы мейрамды атап өтіп жатыр. Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніштер ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылады», — деді Қазақстан президенті.

Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатқанына тоқталды. Президент Қазақстан бірліктің арқасында экономикада және халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде зор жетістікке жеткенін атап өтті.

«Мен егемендік жылдары ішінде православ христиандарының қолдауын сезіндім, сол үшін сіздерге ризашылық білдіремін», – деді Назарбаев. 

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, Қазақстан президенті еліміздің жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған жаһандық дінаралық диалогты дамыту ісіндегі рөлін атап өтті. Елбасы бұл күндері барлық православ қауымы Жаратушыдан жақындарына денсаулық пен амандық, елімізге тыныштық, бейбіт өмір мен келісім тілегенін айтты. Осы дұға-тілектердің бәрі қабыл болсын деп тіледі президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бірлік пен бейбітшіліктің арқасында ғана жаңа табыстарға қол жеткізетінін айтты.

«Біз достық пен өзара түсіністікті, бір-бірімізге деген сенімді нығайтуға бағытталған саясатымызды жалғастыратын боламыз. Осындай бастамамамен ғана алға ілгерілеп, болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасай аламыз», – деді Назарбаев.

Соңында Қазақстан президенті Православ шіркеуі рухани-мәдени орталығының дін жолында құрбан болғандар мен дін таратушылар музейінің экспозициясын аралап көрді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/