Назарбаев «қаржы жымқырды» деп күдікке ілінген елшіні қызметтен босатты

0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ерік Өтембаев Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы 18 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Былтыр қазан айында Өтембаев президент жарлығымен қызметінен уақытша шеттетілген еді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі​нің дерегінше, Өтембаев Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің ғимаратын салу кезінде 140 миллион теңге ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген.

Өтембаев Өзбекстандағы Қазақстан елшісі болып 2016 жылы тағайындалған. Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып бұрынғы сенат депутаты Дархан Сатыбалды тағайындалды.

Азаттық