Назарбаев қамшы жайлы: Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек

0

Прездидент телерадиокешенінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек видеосы пайда болды. Видеода Елбасының 1990 жылдардағы Қазақстан өңірлеріне сапары бейнеленген. Назарбаевпен кездескен ақ ниетті ақсақалдар бата беріп, басшының бас амандығын тілеген.

«Батаменен ел көгерер демекші, бата беру дәстүрі баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі-елбасшыға берілетін бата боп саналады. Мінекей, назарларыңызға осындай тариxи оқиғаның кинохроникасы Телерадиокешеннің жаңа жобасы «Лидер эпоxи Независимости» атты деректі фильмінде өз орнын тапқан. Жергілікті ақсақалдар республиканың жаңа басшысына батасын берген сәттері бейнеленген», — делінді видео астындағы жазбада. 

https://www.instagram.com/p/BzAwIzGg-YF/?utm_source=ig_embed

Видеода Назарбаевқа тек қана жақсылықты тілеген қариялар, ел ағалары: «Қамшыны көрген сайын бізді еске алып жүріңіз», — деді. Өз кезегінде Елбасы: «Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек. Тәртіп болмаса, болмайды деген сөз ғой», — деп оларды күлдірді. Назарбаев ақсақалдардың ниеттері мен тілектеріне алғысын білдірді.

stan.kz