Назарбаев Путиннің қандай қасиеті таңғалдырғанын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей халқының бағына Владимир Путин дер уақытында басшылыққа келді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РИА Новостиге берген сұхбатында Владимир Путин билікке алғаш келген кезде қандай әсер қалдырғанын айтып берді.

Назарбаев Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин өзінің мұрагерін ұзақ уақыт таңдағанын еске салды.

«ХХІ ғасырдың таңында Кремльге жаңа саясаткер келді, ол өзінен бұрынғы басшыларға ұқсамады. Ол кезде Ресейде «Путин дәуірі» басталды деп ешкім айта алмайтын еді», — деді Назарбаев.

Елбасы Ресейдің жаңа лидерінің «жоғары білімдарлығы, жігерлілігі және ең күрделі мәселелерді шешуге дайын болуы» таңғалдырғанын атап өтті.

«Сол кезде жас саясаткердің өмірдегі барлық нәрсеге дайын екендігі, кез келген сын-қатерге айқын және нақты жауап бере алатындығы жайлы сезім болды», — деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті «Ресей Федерациясы халқының бағына ХХІ ғасырдың басында елді басқарған және оны ең қиын сынақтардан өткізген Владимир Владимирович дер уақытында келді» деп санайды.

«Оның басшылығымен Ресей қайта ұлы державаға айналды», — деп атап өтті ол.



sputniknews.kz