Назарбаев Путинмен достығы жайлы айтты 

0

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен, соның ішінде Ресеймен достығы туралы айтып берді. Бұл жөнінде «Россия 1» телеарнасы хабарлады.

«Болпшақ жайлы айту — рахымсыз іс, біз көріпкел емеспіз. Болашақ осы әлемді, біздің барлығымызды жаратқан Жаратушыға ғана аян. Біз Қазақстанды қалай көреміз? Оны біздің орталық азиялық көршілерімізден, шекарамыз ұлан-ғайыр ұштасқан Ресейден және Қытай Халық Республикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Екі мың километрге жуық шекара. Олардың дамуына, жағдайына барлығы байланысты. Сен егін еккеніңмен, көршіңнің жерінде арамшөп болса, сенде де арамшөп шығпды деген сөз бар. Сол себепті, біз сауда-саттық жасайтын көршілерімізге даму тілеу өте маңызды. Біз болашаққа оптимистік көзқараспен қараймыз. Біз отыз елдің қатарына кіруді жүзеге асыра аламыз», — деді Назарбаев.

Ресеймен жұмыс мәселесінде Назарбаев президен Владимир Путинмен жеке достығын атап өтті.

«Мұнда ерекше жағдай деуге болады. Владимир Владимирович Путин 2000 жылы саясатқа келген кезден бастап мен онымен байланыстамын, біз мәселелерді, тіпті өте күрделі мәселелерді бірлесіп шешеміз. Бұл 7 мың 500 метр ортақ шекараны белгілеу. Әрбір метр, әрбір километрді тіркеу керек болды. Қытаймен арада неше километр екенін білесіз бе? Жүз жыл бойы осыны шеше алмадық. Дәл сол сияқты Каспий теңізіндегі шекара нақтыланбай келді. Бұл маңызды мәселелер болатын. Мысалы, Байқоңыр ғарыш айлағының проблемасы. Осының барлығы Владимиром Владимировичпен арадағы сенім, жақсы қарым-қатынастың арқасында шешілді», — деді ҚР Президенті.

Елбасы Ресей Президентімен бұл достық арақатынас күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын айтты.

«Осы уақыт ішінде ТМД-да, ЕурАзЭҚ-да болған баплық ынтымақтастық мәселелері де. Көршілермен өзара қатынас әртүрлі болады. Біз оның барлығын ынтымақтастық қауымдастығымызда бірлесіп шешеміз. Ресей орталық орынға ие екені сөзсіз. Адам ресурсы бойынша да, экономткасы бойынша да. Мен Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекетараллық қарым-қатынас басқаларға үлгі боларлықтай екенін осыған дейін айтқан болатынмын. Егер, әлемдегі басқа да көршімемлекеттер арасында осындай арақатынас болса, қазір бастан өткеріп жатқан қиындықтар болмас еді», — деді Назарбаев.

Президент, сондай-ақ, кеңес заманындағы, орыс әндерін әлі де айтаьынын, себебі сол әндермен өскенін айтты.

«Иә, мен екі — туған қазақ және орыс мәдениетінде тәрбиелендім. Біздің заманымызда солай болды. Біз кеңес заманында өстік. Бір ел, бір түсінік болды. Комсомол мен партия болды. Энтузиазм болды. Жастық шақ болды. Әндер айттық. Қазірдің өзінде сол әндер жүрек тебірентеді. Орыс әндері дархан даладай, дариядай, толқындай әуезді. Қазақ әндері де әуезді. Бір америкалық қонақ ән айтқанда неге сонша айқайлайтынын сұрады. Мен біздің даламыз қандай екенін көрдіңіз бе деп жауап бердім. Қазақ осы кең далада келе жатып, ән баршаға жетсін деп, әуезді шырқайды. Сол себепті, бізде бұл жағынан ұқсастық бар», — деді Мемлекет басшысы.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ