Путин Кеңес Одағының ыдырағанына өкінетінін айтты

0
1673

30 маусымда Ресей президенті Владимир Путин «тікелей эфир» кезінде Кеңес Одағының ыдырағанына өкінетіндігін білдірді.  Бағдарламаны YouTube-тағы «Дождь» телеарнасы көрсетті.

Путиннен мемлекетті келесі ұрпаққа қалай қалдырғысы келетіндігі туралы сұраққа, ол Ресей Кеңес Одағының дамуына қанша инвестиция салғанын еске түсірді.

«Мен осыдан бастайын. Өкінішке орай, Кеңес Одағы құлады. Бұл мемлекеттің өзегі Ресей болды және ол өзінің өндірістік әлеуетінің, экономикасының жартысына жуығын жоғалтты, сондай-ақ территорияның едәуір бөлігін жоғалтты, оның ішінде құрылымдық жағынан дамыған, онда тарихи Ресей ғасырлар бойғы ресурстарды салып отырды», – деді Путин.

Путин сонымен қатар «Кеңес Одағын қалпына келтірудің мағынасыздығы мен мақсатсыздығы» туралы айтты. «Әйтпесе, біз шешілмейтін әлеуметтік мәселелерге тап болуымыз мүмкін», – деді Путин.

Путин «Ресейдің басты резервтері – адамдар», ал болашақ олардікі екенін айтты. «Мен мұны қанатты сөз үшін айтып отырған жоқпын. Ақыр соңында, біздің адамдар рухани тұрғыдан жоғары», – деді Ресей президенті.

1991 жылы желтоқсанда Ресейдің, Украинаның  пен Беларусьтің басшылары – Борис Ельцин, Леонид Кравчук және Станислав Шушкевич Кеңес Одағының қызметін тоқтату және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ – Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты