Назарбаев Петропавлға келді (фото)

0

Нұрсұлтан Назарбаев арнайы іс-сапарымен Петропавлға келді. Елбасы ең алдымен теміржол жабдықтары, телемеханика, байланыс және қауіпсіздік жүйлерінің өндірісімен айналысатын Киров атындағы зауытқа барып қайтты деп жазады Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото akorda.kz

Фото akorda.kz

Зауытты аралау барысында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустриалды жобалардың іске асуы мен жолдауда айтылған тапсырмалардың іске асуы жөнінде есеп берді.

«Петропавлды дамыту мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілген. Облыстың экономикалық көрсеткіштері жақсы. Өсім жылдамдығы орташадан жоғары» , — деп облыстың дамудағы нәтижесіне өз бағасын берді Назарбаев.

Фото akorda.kz

Фото akorda.kz

Оған қоса, мемлекет басшысы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру керектігін де айтып өтті.

«Ауыл шаруашылығы өндірісін өңдеу қажетті деңгейде емес. Мен ауыл шарушылығындағы еңбек өнімділігін екі есе арттыруға тапсырма бердім. Бұл сендердің облыстарыңа да тікелей қатысты. Өнімділікті дамытуды тек өңдеу мен экспорттың арқасында іске асыруға болады» , — деді президент.

Фото akorda.kz

Фото akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы жөнінде де айта кетті.

Елбасының мәлімдеуінше, 2018 жылы алты мыңнан аса тұрғын жаңа баспанаға ие болып, 150 мыңнан аса жұмысшының жалақысы көтерілмек.

Фото akorda.kz

Фото akorda.kz

.