Назарбаев пен Тоқаев тағы да Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қысқа сілтеме алу
Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баруы мүмкін
АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі.
«Путин Назарбаевқа екіжақты өзара байланысты дамытуға және еуразиялық интеграция жобасын сәтті жүзеге асырғаны үшін тағы бір мәрте алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанның тұңғыш президенті Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты нығайту жұмыстарына әрі қарай да атсалысатынына сенім білдірді», — дейді Кремльдің баспасөз қызметіндегілер.
Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, оған табыс тіледі.
«Ресей-Қазақстан қарым-қатынасын одан әрі нығайту мақсатында тығыз ынтымақтастық орнатып, таяу уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді», — делінеді хабарламада.
sputniknews.kz