Назарбаев пен Путин Петропавлда бірге көрме аралады (фото)

0

Қазақстан мен Ресей президенттері мемлекетаралық әріптестіктің XV форумы аясында Петропавл қаласында кездесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Астанада өткен ҰҚШҰ саммитінің маңыздылығы туралы айтып өтті.

Екі ел басшысы Ресей мен Қазақстанда туризм саласын дамытудың жаңа жоспарлары мен перспективаларын талқылады.

Путин өз елі үшін Қазақстан ең басты сауда-экономикалық әріптестердің бірі екенін және екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Келіссөздерден кейін президенттер назарына «Байқоңыр» ғарыш кешенінің даму болашағы туралы презентация ұсынылды.

Оларға әлеуметтік нысандар құрылысының жүріп жатқаны, инфрақұрылым желілерін жөндеу мен Байқоңырдағы тұрғын үй кешендерін газдандыру бойынша ақпарат берілді.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин «Қазақстан мен Ресейдің туризм саласын дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» атты көрмені аралап көрді.

Көрмеге қазақстандық және ресейлік компаниялардың екі ел тұрғындарына арналған ауқымды туристік өнімдері қойылған.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда