Назарбаев пен Путин Мәскеуде кездеседі, Тоқаев қайда қалады?

Айдос Үкібай твиттердегі жазбасында кездесу ертең, яғни 30 маусым күні өтетінін жазды.

0
864

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу қаласында кездеседі. Осы ретте заңды сұрақ туындайды. Мемлекетті басқарып отырған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайда қалады?

Қазақстан билігі осыған дейін елде қос биліктің жоқ екенін бірнеше рет қайталап айтып келеді. Ал, ЕАЭО дамыту, Ресей мен Қазақстанның даму күнтәртібі сынды мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылауды Елбасы өзі жүзеге асыра бермек екен.

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі жазбасында кездесу ертең, яғни 30 маусым күні өтетінін жазды.

«30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөз барысында ЕАЭО – ны одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.

Қазақ елінің президенті қайда қарап отырды? Елбасының биліктен кенкені, ел басқаруды Қ.Ж.Тоқаевқа бергенін өзі жоққа шығарып отыр ғой.