Назарбаев пен Путин бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті.

«Телефон әңгімесінде Владимир Путин мен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады», — деп хабарлайды Кремльдің сайты.

Тағы оқыңыз: Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті

Еске сала кетсек, Қазақстанда да, Ресейде де коронавирус індетіне байланысты әскери парад, «Мәңгілік полк» шеруі секілді бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды.



sputniknews.kz