Назарбаев пен Мирзиеев телефон арқылы сөйлесті
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен телефон арқылы сөйлесті, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеев ке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.
Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ