Назарбаев өзінің ең үлкен жетістігін атады — Ел жаңалықтары

0

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің ең үлкен жетістігі деп қазақстандықтардың жас буынын айтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

«Мен көріп тұрған қазақстандықтардың жас буыны — бұл Қазақстанның ең үлкен жетістігі, Мемлекет басшы ретінде менің ең үлкен нәтижем. Мен бүгін сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын және Қазақстан Жастары жылымен құттықтаймын», — деді Президент Астанадағы салтанатты шара қатысушыларына. 

Оның айтуынша, бүгінде өмір сүру саласының барлық түрі өзгерді — білім алу, жұмыс, отбасы және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы да өзгерген. 

«Бұл бүкіл әлемнің дамуына түбегейлі әсерін береді, әрине Қазақстан да одан қалыс қалмайды. Көз алдымызда  цифрлық қоғамы бар жаңа жаһандық өркениет — білім экономикасы туды. 

Менің буыным оқушы болған уақытта, бізде теледидар деген болмаған, радио енді пайда бола бастады, телефон деген атымен жоқ. Бұл қысқа уақыт. 100 жыл — бұл адамзат тарихы үшін түк те емес. Қалай өзгеріп жатқанын көріңіздер. Қазір 10 жыл ішінде өзгеріп жатыр. Еліміз осы уақыт сынына төтеп бере алатындай болуы керек», — деді Президент. 

Еске салайық, таяуда жастар жылының логотипі бекітілгені хабарланды. 

23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтіп жатыр. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz