Назарбаев өзі ашқан мешітте Жұма намазын оқыды

0

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының бас мешітінде намаз оқыды.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Бас мешітінде жұма намазын оқу үшін болды. Сапар барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мәртебелі қонағы, Әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 15 қыркүйекте қалалық мәслихат Нұр-Сұлтанның атауын Астана деп өзгертуді қолдаған болатын. 16 қыркүйекте тиісті шешімді парламент ресми түрде қабылдады.