Назарбаев Отанын сатқандар туралы айтты
Қысқа сілтеме алу
Тұңғыш президент Отанын сатқандар алыпқашпа әңгіме арқылы Қазақстанның тыныштығын бұзғысы келетінін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелден хабар таратындарға сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Бізде ұрылар мен қылмыскерлер шетелге қашып, сол жақтан хабар таратады. Шынымды айтсам, мен оларды аяймын. Өз елінде емес, жырақта жүреді. Онда оларды ешкім керек қылмайды да. Содан неше түрлі ақпараттарды таратады. Өз Отанына жамандық ойлайды. Ал өз еліне жамандық ойлайтын адамдарға қалай сенуге болады? Қазақстанда айғай-шу, шиеленіс пен төбелес болсын дейді. Ондай адамдарды тыңдамау керек», — деді Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында.
Тұңғыш президент ол адамдардың алыпқашпа әңгіме арқылы Қазақстанның тыныштығын бұзғысы келетінін жеткізді.
«Қазақстандағы тұрақтылықты бұзғысы келетін адамдар әдейі өсек-аяңды таратып отырады. Халықты екіге бөлгісі келеді. Олардың барлығы – қашқын ұрылар, Отанын сатқандар», — деп түйіндеді Назарбаев.
sputniknews.kz