Назарбаев «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидаттың штабына барды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

26 0 0

Қазақстанның тұңғыш президенті «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидаттың республикалық қоғамдық штабына барды

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы кандидатының республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездесіп, өңірлік штаб жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

«Елімізде саяси бәсеке бар»

Назарбаев сайлауалды штабтың жұмысын жіті қадағалап отырғанын айтты.

«Сайлауға 7 кандидат түсті. Бұл – елімізде саяси бәсекенің бар екенін айғақтайды. Кандидаттар түрлі қоғамдық топтар мен бірлестіктердің мүддесін білдіреді. Әр кандидат елімізді және қоғамды дамытудың өз бағдарламасын ұсынды», – деді Елбасы.

Тұңғыш президент барлық кандидатқа сайлауалды үгіт-насихат және тұрғындармен жұмыс жүргізу үшін бірдей мүмкіндіктер берілгенін атап өтті.

«Жастар үшін барлық жағдайды жасадық»

Сонымен қатар, Назарбаев штабтың жастар қанатының жұмысына тоқталды. Елбасы жастарды тәрбиелеу және оқыту ісін одан әрі жалғастыра беру қажеттігін айтты.

Назарбаев президенттік өкілеттігін неліктен тоқтатқанын түсіндірді

«Болашағымыз білімді азаматтардың қолында. Білікті кадрлар дайындай алған мемлекеттердің ғана келешегі жарқын болады. Штабқа танымал тұлғалардың – жастар өкілдерінің енгеніне қуаныштымын. Олардың сайлау науқанына қатысуы өте маңызды…Жастарымызға зор үміт артамын», – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Айтуынша, жастар Қазақстан халқының елеулі бөлігін – 4 миллионнан астам адамды құрайды.

Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасында дебат өте ме – министрдің жауабы

«Қазақстанда жұмыссыздық емес, кәсіптің тапшылығы бар. Сол себептен бірінші жұмысшы мамандығына тегін оқытатын бағдарлама әзірленген болатын. Біз жастар үшін барлық жағдай мен мүмкіндік жасадық», – деді Назарбаев.

Тоқаевтың сайлауалды штабы үгіт-насихатқа «подписчигі» көп жұлдыздарды тартпақ

Сондай-ақ, Назарбаев халықпен тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған «Бірге» атты жалпыұлттық акцияны іске асыру барысын жоғары бағалады. 

Қос билікке жол жоқ

Қазақстанның тұңғыш президенті ел ішіндегі саяси үдерістердің ерекше маңыздылығын атап өтіп, барша қазақстандықты алдағы сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

«Штабтың барлық мүшесі ауқымды әрі маңызды жұмыс атқаруда. Біз жетістікке жететін мықты команда құрдық. Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін. Мемлекетімізде қос билікке жол берілмейтінін атап өткім келеді. Бәріміз халық сайлаған президентке қолдау көрсетіп, жұмыс істейміз», – деді Назарбаев.

«Nur Otan» партиясының төрағасы сайлауалды бағдарламаны түсіндіру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.   

Әлеуметтік желіде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды

 



sputniknews.kz