Назарбаев Nur Otan партиясы үшін маңызды шешім қабылдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматының экс-әкімі Байбек партияның хатшысы болып тағайындалған бұрынғы орынбасарымен бірге Nur Otan-да жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Nur Otan партиясының жаңа хатшысы тағайындалды. Бұл қызметке Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Арман Қырықбаев келді.

«Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев «Nur Otan-ның» хатшысы болып тағайындалды», — деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де.

Байбек оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы бай жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке келді 

Ол хатшы қызметінен кеткен және үкіметтің қаулысымен ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған Ғабидолла Оспанқұловқа алғысын білдірді.

«Соңғы жарты жылда партия алаңдарында мемлекеттік тілді дамыту, мәдениет, балалар құқықтарын қорғау және басқа да мәселелер жандана түсті», — деп Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Оспанқұловтың жұмысын қорытындылады.

Партия хатшысы туралы не білеміз

Арман Қырықбаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдары ол Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі және Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат жөніндегі орынбасары болды.

 



sputniknews.kz