Назарбаев не себепті отставкаға кеткенін айтты
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің тұрақтылығы үшін отставкаға кеткенін айтты.
«Осы жылы қабылдаған менің шешімім — бұл елдің тұрақтылығы үшін, болашағы үшін жасалды. Бұл мен 30 жыл жүргізген саясат сабақтастығы үшін қабылданған дұрыс шешім», — деді елбасы.
Қазақстанның бұрынғы президенті бұл шешімге өзге ел президенттерінің қалай қарағанын айтты. Мұны ерекше әдіс деп атап, билік транзиті мәселесін шешуде бәріне үлгі көрсеткенін алға тартты.
Бұған дейін Тоқаев саясат мәселесінде Назабаевтан ақыл сұрайтынын айтқан еді.
Назарбаев 19 мамырда Қазақстан президенті постынан кетті. Елорда атауы Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Елбасы өмір бойына Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің басшысы болады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
stan.kz