Назарбаев металлургтерге сөз арнады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елбасы еліміздің кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург жұмыс істеп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері Металлург күнімен құттықтады.

«Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын! Бұл мейрам сіздерге деген құрметтің және ерен еңбектеріңізді мойындаудың символы саналады.Кезінде маған маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратымды шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін», – деп жазылған Елбасының ресми сайты таратқан құттықтауда.

Тағы оқыңыз: Мәсімов Назарбаевтың отставкаға кететінін естігенде қандай кеңес бергенін айтты 

Назарбаевтың айтуынша, бүгінде еліміздің кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург – еңбекқор, жауапкершілігі жоғары және мықты азаматтар жұмыс істеуде. Солардың өз ісіне адалдығы мен шеберлігінің арқасында бүкіл еліміздің экономикалық өсімінің берік негізін қалыптастыра алдық.

«Қазақстандағы металлургия саласы дамудың инновациялық жолына түсіп, өндірістік ұжымдарымызға болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Сіздер алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерге ұмтылып, адал еңбек ететіндеріңізге сенемін», – деп толықтырды ол.

Елбасы барша металлургке зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, туған-туысқандарына бақ-береке тіледі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз