Назарбаев, Мамин, Баталов: Астанадағы зәулім мешіттің ашылуына кімдер келді (фото)

Нұр-Сұлтандағы жаңа мешіт.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Бүгін Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуы болып жатыр. Шараға еліміздің бұрынғы президенті Нұр-Сұлтан Назарбаев қатысуда. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-аккаунтында мәлім етті. Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт елордадағы Мәңгілік Ел даңғылында ЭКСПО аумағы мен Mega Silk Way ойын-сауық орталығына жақын маңда орналасқан.
Мешіт аумағы айтарлықтай үлкен, шамамен 10 гектарды құрайды. Ғимаратқа баратын жолда гүл отырғызылып, орындықтар қойылған, сондай-ақ дәл осы жерден әуенді субұрқақтарды да көруге болады.
Нұрсұлтан Назарбаев мешіттің ашылуына бүгін таңертең барған.
Экс-президенттен бөлек салтанатты шараға Асқар Мамин, Амандық Баталов келгенін мәлімдеп, фото жариялады. Сондай-ақ, мешіттің ашылу салтанатына Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген дін өкілдері қатысты.