Назарбаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

0

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті.

Сондай-ақ, көшбасшылар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы қарсаңында Еуразия экономикалық одағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ