Назарбаев көмекшісін қызметінен босатты

0
32

Данияр Ақышев Қазақстан Тұңғыш президентінің көмекшісі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасының шешімі бойынша, Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің көмекшісі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Данияр Ақышев президенттің кеңесшісі болып 2019 жылы ақпанда тағайындалған болатын.