Назарбаев кез келген уақытта Қытайға келе алады – Си Цзиньпин

0
768

Қытай басшысы Си Цзиньпин екі ел халықтарының арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесіне тоқталды.

Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қазіргі мемлекетаралық қатынас тату көршіліктің үлгісі екенін атап өтті.

«Сіздің екіжақты қарым-қатынасты ілгерілету мен дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын», – делінген Қытай басшысының хабарламасында.

Сонымен қатар, Си Цзиньпин Қазақстанның тұңғыш президентін кез келген уақытта Қытай елінің құрметті мейманы ретінде қарсы алатынын жеткізді.