Назарбаев Ясауи кесенесінде бабалар рухына тағзым етті

0

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, бабалар рухына тағзым етті», деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді.

Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты. Одан кейін «Түркістан-Арена» стадионында болып, «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды.

Елбасы Rixos Turkistan қонақүйі және Түркістандағы бірқатар экспозициялық кешенмен танысты.