Назарбаев ішкі істер министрі мен бас прокурорды не үшін шақыртты

0
131

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі мен бас прокурорды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды тұңғыш президент сайты.

Тұрғымбаев Елбасы – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндады. Министрдің мәліметі бойынша, Қазақстанда қылмыс саны 16%-ке азайған.

Ведомство басшысы Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.

Елбасы бас прокурормен не жайлы сөйлесті

Бас прокурор Қазақстанның тұңғыш президентіне 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы баяндады.

Сонымен бірге, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы мәлімет ұсынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз