Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан назарбаев Индознезия президенті Джока Видодаға көңіл айтып, жеделхат жіберген. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан 280 адам қаза тауып, 57-сі іс-түссіз жоғалған.
Дереккөз: Айқын