Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты
Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандардың саны 280 адамнан асты
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ақорданың баспасөз қызметі атап өткендей, мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Индонезияда концерт кезінде музыканттарды цунами шайып кетті
Соңғы мәлімет бойынша, Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандардың саны 280 адамнан асты. Жүздеген үй мен ғимарат қираған.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/